12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БҰЛ ТЕК СПОРТТЫҚ БӘСЕКЕ ЕМЕС, ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ, ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫҢ ҮЛГІСІ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының XI спартакиадасының іріктеу ойындары жоғарғы деңгейде өтті.

2025 жылғы 22-24 мамыр аралығында ҚР Судьялар одағының XI спартакиадасы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің жиырма өңірі мен оларға теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен өтті. Бұл дәстүрлі спорттық іс-шара – судьялар ынтымақтастығы мен достығының, бірлігі, өзара сыйластығының көрінісі болды. Спартакиаданың өңірлік іріктеу кезеңдері еліміздің төрт аймағында – Тараз, Көкшетау, Семей және Ақтөбе қалаларында өтті.

Әр өңірде ұйымдастырылған жарыстарға бірнеше командалар қатысып, 9 спорт түрінен өзара сайысқа түсті. Жарыс тек спорттық шеберлікпен ғана емес, әділдік, достық пен командалық рухтың айқын үлгісімен есте қалды. Спартакиаданың салтанатты ашылу және өту кезеңдеріне еліміздің сот жүйесінің ардагерлері, облыстық соттардың төрағалары мен облыс әкімдері қатысты. Сонымен қатар, жарыстың сәтті өтуіне барлық облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, әділ төрелік танытқан төрешілер құрамы, Жамбыл, Ақтөбе, Абай және Ақмола облыстарының Судьялар одағы филиалдары белсене араласып, үлкен ерік-жігер танытты. ҚР Судьялар одағының Орталық кеңесі аталмыш ұжымдар мен жекелеген төрағаларға алғыс білдіріп: «Сіздердің бірлескен еңбектеріңіз – сот жүйесіндегі азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухтың үлгісі. Бірлік пен ынтымақты паш еткен бұл спартакиада – кәсіби ортадағы мәдениеттіліктің, әділдік пен сыйластықтың айқын белгісі болды. Осындай шаралар арқылы біз тек спорттық белсенділік танытып қана қоймай, кәсіби әлеуетімізді де арттыра түсеміз. Бұл – еліміздің сот жүйесі үшін зор маңызы бар қадам» – деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Спартакиада – еліміздің сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет еткен отставкадағы судьялардың сергектігі мен қоғамдағы белсенді орнын айқындаған тағылымды шара болды. Бұл жарыс ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, жастарға үлгі боларлық маңызды кездесуге айналды. Оңтүстік және Шығыс өңірлерінің ашылу салтанатына сот саласының беделді қайраткерлері, Судьялар одағының экс-төрағалары – Серік Байбатаров пен Ауезнұр Қаженов арнайы шақырылып, ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысты. Олардың қатысуы іс-шараның мәртебесін көтеріп, қатысушыларға зор рухани серпін берді. Спартакиада барысында отставкадағы судьялар өздерінің өмірге деген құлшынысын, спортқа деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының бұрынғы төрағасы, 70 жастағы Рахымқұл Тұрабаев шахмат жарысына қатысып, екінші орынды иеленді. Ал Қостанай облыстық мамандандырылған экономикалық сотының ардагері, 72 жастағы Бақытқазы Ордабаев үлкен теннис бойынша сынға түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Жасы жетпістен асса да, өмірлік белсенділігінен танбаған бұл ардагерлер – жастар үшін шынайы үлгі. Олар спортты серік етіп, салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Осындай ардақты азаматтарымыз тұрғанда – еліміздің болашағы жарқын, ал сот жүйесінің абыройы биік болмақ. Өңірлік сыннан сүрінбей өткен, үздік өнер көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алған мықтылар енді биыл күзде өтетін республикалық шешуші спартакиадада кездеседі.

ҚР Судьялар одағының орталық кеңесі

Гарвардқа қатысты дау: қазақстандық студенттерді не күтіп тұр?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвардқа қатысты жағдайға пікір білдірді.

Дүние жүзін қақтығыстар мен соғыс өрті жайлап барады — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысының Астана халықаралық форумының пленарлық отырысындағы сөзі басталды.

Мемлекет басшысы: Президент — халықтың жеті жылға жалдаған менеджері

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында cөз сөйледі.

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды

Астана қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің символына айналған Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жетісу облысында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі 29 мамырда Астана уақытымен сағат 02:14-те Жетісу облысы Ақши ауылының маңында тіркелді.