+7 халықаралық коды: Қазақстан мен Ресейдің жаңа келісімі

Қазақстанда телефон кодтарын бөлу туралы Ресеймен келісім заңнамалық тұрғыдан бекітіліп жатыр. Тиісті қаулы жобасын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатта +7 кодындағы сандардың қандай үйлесімі әр елге тиесілі болатыны түпкілікті бөлінген.

«Қазақстан бүкіләлемдік нөмірлеу жүйесінің 7-ші аймағында келесі код диапазондарын қолданады: +7 0; +7 6; +7 7. Ал Ресей келесі код диапазондарын қолданады: +7 2; +7 3; +7 4; +7 5; +7 9», – делінген жоба мәтінінде.
Қазір құжат көпшілік талқылауына шығарылған, ол 2 маусымға дейін жалғасады. Құжат күшіне енген кезде ол Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында былтыр қол қойылған +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді заңды түрде бекітеді.

Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын қалай бөлісті?

2021 жылы Қазақстан халықаралық +997 телефон кодын резервке қойған болатын, яғни +7 кодынан бас тарту жоспары болған. Кейінірек отандық шенеуніктер бұл кодқа көшу техникалық және қаржылық тұрғыдан күрделі екенін түсінді. Қазақстандық абоненттерге барлық сервисте – мемлекеттік және банктік қызметтерде, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларда – деректерін жаңарту қажет болар еді. Сондықтан 2023 жылы бұл идеядан бас тартуға шешім қабылданды.

Былтыр қазанда Қазақстан Ресеймен бірге +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдады. Жобаға сәйкес, қос мемлекет халықаралық телефон байланысының 7-ші аймағындағы (+7) нөмірлеуді бірлесіп қолдануды жалғастырады.

Құжатта Қазақстан үшін мынадай код диапазондары бекітілген: 000–099, 600–699, 700–799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).

Ресей ерекше тәртіппен мынадай код диапазондарын қолдана алады: 200–299, 300–399, 400–499, 500–599, 810–818, 820–821, 831, 833–836, 840–848, 850–851, 855–857, 860–863, 865–867, 869, 871–873, 877–880, 900–999. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) кодтары пайдаланылады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.