12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл — менің тілім

Тәуелсіз, егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. «Тіл – мемлекет тірегі» әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуі міндетті. Қазақ тілі-аса бай тіл, рухани тіл, әдеби тіл, тәртіп тәрбие сақтай білетін тіл, ана сүті арқылы бойға дарыған тіл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Ол байланыс құралы ғана емес, тарихымыздың ажырамас бөлігі, мәдениет пен әдебиеттің биік тұғыры. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.

1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы қабылданды. Бүгінде еліміз жыл сайын 22 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесін атап өтеді. Бұдан бөлек, 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік органдардағы қолдану үлесін сөз еткенде,  сот саласын атап өту мүмкін емес. Бүгінгі сот жүйесінде ана тіліміздің үлесі көңіл қуантарлық. Атап айтар болсақ, сот өндірісіндегі кіріс-шығыс хат-хабарлар мемлекеттік тілде жолданады. Соттың ресми сайты қазақ және орыс тілдерінде, ал, ішкі құжат айналымы қазақ тілінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіштер жыл сайын еселену үстінде. Сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін әр жыл сайын өтетін тестілеу анықтап береді. Сонымен бірге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде қарастыруды көздейтін практикалық сабақтар мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, тіліміздің сот жүйесінде қолданылу деңгейі жыл сайын артып келеді.

«Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», — деп көрнекті жазушымыз Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген мақтаныш сезімі болуы керек. Олай болса, тілге деген жанашырлықты әр адам бірінші өзінен бастағаны жөн. Тіл – халықтың тарихы.  Ана тілін қамқорлыққа алу баршамыздың қоғам алдындағы қасиетті парызымыз!

Т.А.Бисембаева, Орал қаласының №2 сотының Бас маманы

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...