Халықты баспанамен қамтамасыз ету: 2025 жылға арналған болжам қандай?

Бұл сұраққа ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл шамамен 176 мыңнан астам пәтер деген сөз. Қазіргі уақытта елімізде тұрғын үй кезегінде 654 мыңнан астам адам тұр. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, көпбалалы аналар мен жетім балалар, апатты үйде тұрып жатқан азаматтар және Ұлы Отан соғысы ардагерлері бар.

«Биыл республика бойынша жалпы 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл кем дегенде 10 мың жалдамалы және 10 мың несиелік пәтер. Ал «Наурыз» бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы тағы шамамен 20 мың адам жеңілдетілген шарттармен баспана ала алады», – деді Жүнісбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

2024 жылы елімізде 18,9 миллион шаршы метр тұрғын үй, яғни 170,5 мың пәтер салынған.

Жалдамалы тұрғын үйдің кем дегенде 20 пайызы жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға беріледі. Былтыр бұл санат бойынша 13 мыңнан астам адамға пәтер берілген. Сонымен қатар 11 мыңнан астам отбасы жалдау ақысының 50 пайызын өтеу түрінде мемлекеттік көмек алған.

«Баспанаға мұқтаж адамдарға әкімдіктер бастапқы жарнаны төлеуге көмектесетін тұрғын үй сертификаттарын береді. Былтыр 2,3 мың адамға 2,6 миллиард теңгенің сертификаты берілсе, биыл алғашқы тоқсанда 580 миллион теңгеге 522 сертификат таратылды», – деді Жүнісбеков.

Сондай-ақ кезектегі азаматтарға 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қарыздар беріледі.

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы

«Наурыз» жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда бір жыл бұрын іске қосылған. «Отбасы банкінің» мәліметінше, өткен жылы 7 мыңнан астам отбасы осы бағдарлама арқылы баспана алған. Негізгі талаптар:

Соңғы 5 жылда тұрғын үйдің болмауы;
Жинақтың болуы (жас отбасылар үшін соңғы 2 жыл ішінде жинақтау артықшылық берді).
2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық платформасы арқылы кезекке тұра алады. Платформа 24 мамыр күні сағат 09:00-де іске қосылады. Өтінім беру үшін orken.otbasybank.kz сайтына кіріп, ЭЦҚ арқылы тіркелу қажет.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...