12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ, БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл құжат еліміздің даму бағытын айқындап, мемлекеттің құқықтық негізін бекітті. Биыл осы тарихи оқиғаға 30 жыл толып отыр. Осы аралықта Конституция еліміздің саяси тұрақтылығы мен құқықтық жүйесінің, демократиялық даму жолының мызғымас тірегіне айналды. Ол тәуелсіздіктің символы әрі азаматтық қоғам құру жолындағы басты құқықтық акт ретінде қызмет етіп келеді.

Ата Заңның басты мақсаты – адамның құқығы мен бостандығын қорғау, биліктің тармақтарға бөліну қағидатын орнықтыру, мемлекеттік басқару мен құқық үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Конституция арқылы Қазақстан құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде орнықты. Ол елімізде саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жаңғыруларға жол ашты. 30 жыл ішінде Конституция бірнеше рет өзгертіліп, қоғамның даму қарқынына сай жаңартылып отырды.

Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген ауқымды реформалар аясында Конституцияға маңызды толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, саяси жүйені түбегейлі қайта құруды көздеді. Атап айтқанда, Президенттің біраз өкілеттігі Парламент пен Үкіметке беріліп, билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік механизмдері нығайтылды.

Парламенттің рөлін күшейту арқылы оның заң шығару және бақылау функциялары кеңейтілді. Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттіктерін арттыру арқылы халықтың мемлекеттік басқару процесіне араласу мүмкіндігі ұлғайды. Сонымен қатар, жергілікті басқару органдарын демократияландыру бағытында маңызды қадамдар жасалды. Облыс, аудан, ауыл әкімдерін кезең-кезеңімен тікелей сайлау механизмі енгізіліп, бұл азаматтардың ел басқаруға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында да елеулі жаңалықтар орын алды. Конституциялық Соттың құрылуы – осы саладағы маңызды өзгерістердің бірі. Енді кез келген азамат өз құқықтары мен бостандықтарының бұзылғанын сезінген жағдайда тікелей Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Бұл әділеттілікке қол жеткізудің нақты және қолжетімді жолын ұсынады. Сонымен қатар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлі артып, азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне құқықтық қолдау күшейтілді.

Конституцияның 30 жылдық мерейтойы – бұл тек құқықтық құжаттың емес, еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдердің, саяси жетістіктер мен қоғамдық даму нәтижелерінің көрінісі. Осы жылдар ішінде Қазақстан әлемдік аренада мойындалған, бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен мемлекетке айналды. Бұл жетістіктердің барлығы Конституцияға сүйене отырып жүзеге асты.

Қазіргі кезеңде де Ата Заңымыз жаңа тарихи сын-қатерлерге жауап бере отырып, еліміздің демократиялық жаңғыруының және әділетті Қазақстан құру жолының берік негізі болып отыр. Алдағы уақытта Конституция қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әділеттілікті орнықтыруға және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған саяси, құқықтық және әлеуметтік реформаларды одан әрі жалғастыруға негіз бола береді.

Г.Байкенжеева,

Жалағаш аудандық сотының бас маманы

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...