Қайтарылған активтер қандай мақсаттарға бағытталады?

Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл емханаларда тәулігіне 45 адамға қызмет көрсетіледі.

Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бағдарлама бойынша өңірде 30 құрылыс жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады.

Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме, соның ішінде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланып отыр. Қазір 468 нысанда жұмыс аяқталды.

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар, арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылады», — деп жазылған хабарламада.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.