12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тарих пен руханияттың тоғысқан сәті: №21 мекеме сотталғандарының музейге сапары

18 мамыр — Халықаралық музей күніне орай, Абай облысы, Семей қаласындағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №21 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың рухани дамуына ықпал ету, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, мәдени мұраға деген қызығушылығын ояту мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара аясында сотталғандар Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып қайтты. Бұл музей – өлкенің терең тарихын, мәдениетін, табиғатын, этнографиясын қамтитын құнды дереккөздердің бірі саналады.

Музей қызметкерлері экскурсия барысында қонақтарға музейдің қалыптасу тарихы, бөлімдері мен экспозиция залдары туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сотталғандар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегі, сондай-ақ өлке тарихына қатысты маңызды жәдігерлермен танысты.

Экспозиция барысында ерекше қызығушылық тудырған — қазақтың ұлттық киімдері, тұрмыстық бұйымдар, ежелгі қару-жарақ үлгілері және Семей өңірінің тарихына қатысты сирек фотосуреттер болды. Қатысушылар қойылған жәдігерлерге назар аударып, сұрақтарын қойып, таным көкжиегін кеңейтті.

Сотталғандар өз ойларымен бөлісіп, мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Олар үшін бұл сапар — тек тарихи орынға бару ғана емес, рухани байып, өткенге құрметпен қарауға үйрену мүмкіндігі болды.

Мекеме әкімшілігі бұл бастаманың сотталғандардың қоғамға бейімделуіне, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруіне оң ықпал ететініне сенімді. Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік және мәдени бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...