Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 394,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 450,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 943,4 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 млн 471 мың адам. 

«2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 400 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 784 теңге, базалық зейнетақы 47 616 теңге болды», — деп жазылған хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізілетіні хабарланды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.