Бүгін – Халықаралық музей күні

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Халықаралық музейлер кеңесі бұл атаулы күнді 1977 жылы бекіткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Музей күні 1978 жылдан бастап кәсіби мереке ретінде атап өтіліп келе жатыр. Бұл дата КСРО кезінде 1977 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ Бас конференциясында бекітілген. Осы күні әлем елдеріндегі музейлерде музей түні акциясы ұйымдастырылады. 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілген.

Ал Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылған.

Мұражайлар мәдени, тарихи және көркем мұраны сақтайды. Мұражайлар – әрбір адам баласы үшін демалыс және өзін-өзі жетілдіру орны. Мұражайсыз қоғамның интеллектуалдық, мәдени, білім беру деңгейін көтеру мүмкін емес.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратынша, қазір елімізде 275 музей бар. Сондай-ақ 12 республикалық музей-қорық бар.

Биыл еліміздің басты өнер музейі – Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің құрылғанына 90 жыл толды. Жыл басында музейге «Ұлттық» мәртебесі берілді.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.