Көлік салығынан кімдер босатылады және қандай көліктерге жеңілдік бар?

Салық бойынша жеңілдік қашан күшіне енеді және қандай көліктерге қатысты екені белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңарған Салық кодексінің жобасын мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберді.

«Құжатта шыққанына 11–20 жыл болған машинаға 30 пайыз, одан ескісіне 50 пайыз жеңілдік жасау туралы ереже өзгеріссіз қалды. Енді оны сенаторлар кодекстен алып тастамай, президент қол қойса болғаны», — делінген жазбада.

Жеңілдік қашан күшіне енеді?

Кодекс келер жылы 1 қаңтарда күшіне енуі керек. Демек жеңілдік те сол кезде қолданыла бастайдыі. Мысалы, жүргізуші ескі көлігін сатса, 2026 жылы ақпанда 2025 жылғы салықты бұрынғы мөлшерлеме бойынша төлейді (оған дейін төлеп қоймаса), 2026 жылы көлік иесі жаңа мөлшерлеме бойынша есеп айырысады.

Қанша көлікке салық жеңілдігі болады?

ҚР Ұлттық статистика бюросының есебінше биыл 1 мамырда елде 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның 5 340 301-і — жеңіл автомобиль. 11–20 жыл бұрын шыққан машина — 1 270 746, ал 20 жылдан асқан көлік — 2 266 099.

Елде 3 536 845 ескі автомобиль бар. Демек, салық жеңілдігі Қазақстан автопаркінің жартысынан көбін қамтиды. Оның үстіне 2026 жылы ескі көлік саны тағы артатыны анық.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.