Қазақстанда кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің тәртібі өзгереді

Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

«Зейнет жасына жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің автоматты (өтінішсіз) тәртібін белгілеу жоспарланып отыр», — деп жазылған хабарламада.

Құжаттың толық мәтінімен агенттіктің интернет ресурсында танысуға болады.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – жеке және заңды тұлғалардың БЖЗҚ-ға дербес, өз еркімен төлейтін ақшасы. Жеке және заңды тұлғалар ЕЗЖ-ны өз бетінше енгізе алады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.