ТҮРКІСТАНДА МЕЙІРГЕР ІСІН ДАМЫТУ ИННОВАЦИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТУДЕ

Түркістан қаласында «Мейіргерлік қызметті дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады, онда мейіргерлердің рөлі мен мәртебесін арттыру, орта медициналық білім беру жүйесін жетілдіру, кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың жаңа үлгілерін енгізу мәселелері талқылануда.

Форумның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Түркістан облысының әкімі Нұрәлхан Күшеров, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары, мейіргер ісі саласындағы ғалымдар мен сарапшылар, медициналық колледждердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың делегаттары қатысуда.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі мейіргерлік қызметті дамытудың денсаулық сақтау саласындағы ұлттық басым бағыттардың қатарындағы маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде елімізде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері бар, бұл жалпы медицина мамандарының 60%-ын құрайды. Соңғы жылдары мейіргерлердің рөлі айтарлықтай артты. Олардың функциялары кеңейтіліп және өкілеттіктер беріліп, мейіргерлер медициналық көмектің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді», — деді министр.

Форум алаңында Астана медицина университетінің базасында Республикалық жоғары мейіргерлік білім беру мектебін ашу мәселесі қаралуда, мұнда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриаттан докторантураға дейінгі толық білім беру бағдарламалары жүзеге аспақ. Бүгінде мейіргерлердің 20%-ы бакалавр дәрежесіне ие болса, бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай үш есеге арттыру көзделуде.

Іс-шара шеңберінде елдің ең үздік 22 мейіргері марапатталды. Жоғары кәсіби шеберлігі мен іеңбегіне адалдығы үшін оларға министр «Денсаулық сақтау үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» салалық төсбелгілерін табыс етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы болып жарияланғанын айта кеткен жөн. Осы тұрғыдан алғанда, мейіргер ісінің мәртебесін көтеру – денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды стратегиялық қадам болып саналады.

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...