12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасындағы 35 құқық бұзушылық электронды білезік арқылы анықталды

Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға бағытталған электронды білезіктер тиімділігін көрсетуде. Жыл басынан бері осы құрылғылардың көмегімен 35 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 31 жағдайда сотталғандар түнгі уақытта мекенжайын рұқсатсыз тастап кетсе, тағы 4 дерек – әкімшілік аумақтан пробация қызметінің келісімінсіз шыққан азаматтарға қатысты тіркелген. Электронды білезіктер — жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін адамдарға қолданылады. Бұл құрал тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізуге, сондай-ақ сот жүктеген шектеулердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері үш сотталған азамат электронды құрылғыны қасақана зақымдау немесе шешіп тастау әрекетімен жауапкершілікке тартылды. Салыстырар болсақ, өткен жылы мұндай жеті дерек тіркелген. Жуырда тағы бір есептегі азаматқа электронды білезік тағылды. Ол пробация қызметінің талаптарын жүйелі түрде орындамаған, сот жүктеген міндеттерден жалтарған. Қазір ол бақылауға алынып, қадағалау құралымен жабдықталды. — Өзім кінәлімін. Ұрлық жасағаным үшін жауап беріп жатырмын. Құрылғы маған кедергі емес, керісінше тәртіпке келтіріп отыр. Құқық бұзуға ниетім жоқ. Жазамды өтеп, пробация есебінен шығуды қалаймын, — дейді есептегі азамат. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметі алдағы уақытта да сотталғандарды қоғамға бейімдеу, тәртіпке салу және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.

ІІМ Алматы академиясында жол қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференция өтті

Қатысушылар ЖКО-ның алдын алу, көлік мәдениетін қалыптастыру және халықаралық...

Кенжеғали Қадырұлы өмірден озды

Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы еліміздің көрнекті заңгері, мемлекет...

Женщины-лидеры обсудили развитие социальных инвестиций в Казахстане

В Астане состоялось заседание международной платформы Global Businesswomen Council,...

«Заңдылықты қамтамасыз етуде сот шешімдерінің орындалуы»

ҚР Конституцияның 34-бабына сәйкес «Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және...

Түркістанда халықаралық конференция өтті: Ұлы Жібек жолының жаңа қырлары талқыланды

Түркі әлемінің рухани астанасында «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы аясында «Ұлы Жібек...