Құрғақшылық қаупі: Қазақстанның қай аймақтарында жағдай күрделі?

Еліміздің көптеген өңірінде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады, дегенмен астық шығатын өңірлерде, тау бөктерлері мен оңтүстіктің шеткері аймақтарында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақын мөлшерде жауады. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрғақшылық Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында байқалуы мүмкін.

Жауын-шашын көбіне батыста және солтүстік-шығыста қалыпты шекте күтіледі, ал қалған аумақта көбіне нормадан аз болады, бұл құрғақшылық қаупін күшейтуі мүмкін.

Биылғы тамыз және қыркүйек айлары егін жинау жұмыстарына қолайлы болады. Экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мол және ұзақ жауын-шашын жаумайды, ал еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.

«Жаз айларының алдын ала болжамы нақтыланып, ай сайынғы болжамдармен толықтырылады, сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар мен халыққа жеткізіледі», — деп түсіндірді министр.

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты.

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған.

Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды.

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады 

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды.