12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қарапайым тірлік кешті». Тоқаев анасы туралы естелігімен бөлісті

Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтіп жатыр. Осы айтулы күнге орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің анасы Тұрар Шабарбаева жайлы жүрекжарды естелігімен бөлісті

Төрт балалы біздің отбасы қарапайым тұрды. Анам ұзақ уақыт бойы белгілі себептермен жұ­мыс істемеді, ол кісі үй жұмысын атқарды. Жалғыз асыраушымыз әкей. Айлық жалақыдан бөлек, ол кей-кейде мақалалары мен кітаптарына қалам­ақы алатын. Мұндай күндері біздің үйде нағыз мереке орнайды. Шешей ол кезде жас әйел бола тұра, көп нәрседен, оның ішінде әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын. Әрине, сәнді киініп, әсем әшекейлер таққысы келгені табиғи ғой, алайда бар өмірін перзенттеріне арнап, аналық парызын қысқа ғұмырының ақырына дейін атқарып өтті. Тіпті, қымбат дүниелер алатындай мүмкіндік туған кезде де, өзіне ұнаған заттарды немерелеріне әперумен шектелетін, — деп жазды президент.

Ол өз өмірінің Кеңес Одағы тарауымен тұспа-тұс келген сындарлы сәтінде анасының батыл қолдағанын ешқашан ұмытылмайтынын айтқан.

Сол бір қауырт күнде­рі Мәскеуде қалып, Ресей мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеу немесе елге қайтып оралуды анықтау қажет еді. Сонда анамның «Әкең тірі болса, саған бірден Қазақстанда қызмет ету керек дер еді» деп айтқаны есімде. Бұл сөз бұйрықтай болып естілді. Шешеміз, әрине, кейбір шенеуніктердің аяқастынан қисапсыз байып шыға келіп жатқанын білді, бірақ мұндай тіршіліктің баянсыз және ақыры жақсылыққа апармайтынын жалықпай айтып отырды, — делінген жазбада.

Мемлекет басшысы анасының қарапайым тірлік кешкенін, көзі жұмылғанша көп нәрседен өзін шектеп отырғанын жазды.

Ылғи да ел алдында ұятқа қалмау үшін өзімді таза ұстауды, ешқашан көрсеқызарлыққа бармауды айтып кеңес беретін. Анам да үнемі мені қолдайтын. Бала күнімнен мен оның көптеген мағынасы терең мазмұнды әңгімелерін, ой-пікірі мен пайымдауларын тыңдап өстім ғой. Әңгімені жақсы айтатын және менің де ықыластана тыңдайтынымды сезген болар, сөйтіп өмірлік дүниетануыма өлшеусіз ықпал етті. Жан-жағыма байыпты қарап, ұстамды болуға, жақсыны үйренуге және одан тек пайдалысын алуға үйретті. «Күні бойы және кешке немен айналысатыныңды таңертеңнен ойлау керек. Жинақы жүру қажет, асып-сасқан адам сәтсіздікке ұшырайды» деп жиі айтатын, — деп анасының өсиетін мысалға келтірді.

Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?

Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айда Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

Құрметті достар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке...

Қазақстанда мәжбүрлі неке қию әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы 11 жылда ең төмен деңгейге түсті

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады.

Құрғақшылық қаупі: Қазақстанның қай аймақтарында жағдай күрделі?

Құрғақшылық Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында байқалуы мүмкін.