Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жауынгерлеріміздің биік рухының символына айналды. Біз туған жерді қаһармандықпен қорғаған бабаларымыздың ерлігін дәріптеп, Отан үшін жанын қиғандарды жарық естелікпен еске аламыз. Сондай-ақ, бейбіт күнде ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға құрмет білдіреміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де ауыр сын болды. Сол зұлмат жылдар соғыстың тек қайғы мен қасірет әкелетінін, бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін көрсетті», – деді ол.

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихындағы ажырамас бөлікке айналғанын және бүкіл адамзат үшін маңызды сабақ екенін атап өтті.

«Бұл – әрдайым есте сақтайтын ақиқат. Бүгінде арамызда сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагерлердің болуы – зор қуаныш. Құрметті ардагерлер, барша отандастардың атынан сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! Майдангерлердің ерлігі – мәңгі жадымызда. Олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге мың тағзым!»– деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта.

Қазақстан жемқорлық индексінде Орталық Азияны артта қалдырды 

Халықаралық рейтингте Қазақстан өңірдегі ең үздік нәтиже көрсетті. Алайда әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда жағдай қандай?

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Білім министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы бұйрықпен жаңа редакцияда педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын бекітті.

Зейнетақы жинағын пайдалану шегі неге өсті? Қаржыгер түсіндірді

Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шекті өсіру қажет. Өйткені зейнетақы жинағы адамның болашақтағы зейнетақысын қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек.

Қазақстанның оңтүстігіндегі бір аудан ішімдік сатудан бас тартты

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартты.

Филиппинде қуатты жер сілкінісі болды 

Жерасты дүмпулері Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында тіркелген.