ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнімен ардагерлерді құттықтады

Отан қорғаушылар күні қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлері ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында қонақтар үшін мекеме ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара барысында музыкалық және поэтикалық қойылымдар орындалып, қызметтік борышқа адалдық танытқан ардагерлерге ризашылық сөздері айтылды.

Ардагерлерге естелік сыйлықтар мен мерекелік ашықхаттар табыс етілді. Жылы және достық атмосферада өткен кездесу барысында ардагерлер өздерінің қызметтік естеліктерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге құнды тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік алды.

— Ардагерлерге құрмет көрсету — бұл біздің берік дәстүріміз әрі моральдық парызымыз. Біз олардың ісін лайықты жалғастырып келе жатқанымызға мақтанамыз, — деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ернат Байжуменов.

— Бізді, ардагерлерді ұмытпай, құрметтеп жатқандары көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе осындай мерекелік күнде қызметіміз бен Отан алдындағы борышымызды еске алған маңызды, — деді ҚАЖ зейнеткері Болатбек Қайранов.

Мұндай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қылмыстық-атқару жүйесінің дәстүрлерін сақтауға және дамытуға септігін тигізеді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...