Қазақстандағы ең танымал спорт түрі аталды

2024 жылы Қазақстанда қандай спорт түрлері ең көп сұранысқа ие болғаны айтылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректі ұсынды. Статистикада бұқаралық және өзге де спорт түрлері қамтылған.

Деректерге сәйкес елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме — футбол. Бұл спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетейік, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл  футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді.

Одан кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:

  • Классикалық волейбол — 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде — 421 035)
  • Баскетбол — 541 819 (ауылдық жерде — 238 853)
  • Футзал — 368 349 (ауылдық жерде — 130 744)
  • Жеңіл атлетика — 347 654 (ауылдық жерде — 174 261)
  • Шахмат — 278 101 (ауылдық жерде — 128 243)
  • Үстел теннисі — 262 835 (ауылдық жерде — 127 416)
  • Дойбы — 213 490 (ауылдық жерде — 115 198)
  • Тоғызқұмалақ — 202 217 (ауылдық жерде — 119 302)
  • Қазақ күресі — 160 399 (ауылдық жерде — 87 030)

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.