Қазақстан етті қандай елдерге экспорттайды?

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

2025 жылдың алғашқы үш айында ет өндірісі 2,8%-ға, қосалқы өнімдер 20%-ға, шұжық өнімдері 12,6%-ға, ет консервілері 34,6%-ға артқан.

Экспорт бойынша көрсеткіш қандай?

Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өскен. 2024 жылы 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталған.

Негізгі экспорт бағыттары мына елдер:

  • Өзбекстан — 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті,
  • БАӘ — 1,2 мың тонна қой еті,
  • Иран — 1,2 мың тонна қой еті.

2025 жылдың алғашқы екі айында сиыр және қой етінің экспорты 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты 3,6 есеге артқан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы ет бағасы туралы жазған едік. 

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.