Skype 5 мамырдан бастап жұмысын тоқтатады

Microsoft компаниясы аты аңызға айналған Skype қызметін ресми түрде жапқалы жатыр. 2025 жылы 5 мамырдан бастап ол жұмысын тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания қолданушыларға парақша және оған байланысты ақпарат жойылмайтын нұсқа ұсынды.

Олар компанияның басқа платформасына, яғни Microsoft Teams-қа ауыса алады. Бұл қызметке тиісті ақпаратты экспорттауға болады.

Microsoft мәліметінше, Skype мүмкіндіктерінің көпшілігі жаңа платформада қолжетімді, қоңырау шалу, хабарлама жіберу, файлдарды бөлісу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, Teams мынадай артықшылықтар ұсынады: күнтізбе, бейнекездесулер және т.б.

Skype-тың құлдырау себептерінің бірі Zoom, Discord, WhatsApp және Microsoft Teams-тің бәсекелестігі болған.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.