Заңды өкілі кәмелетке толмаған баланың сабаққа бармағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, азаматша С.-ның колледж оқушысы кәмелетке толмаған ұлы Р. бірнеше рет жүйелі түрде, дәлелсіз себептермен сабақтан қалып қойған. Алайда, Р.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша С.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, себебі бұл оқиға бірінші рет орын алмаған, яғни азаматша С. балаға қажетті тәрбие бермегені, атап айтқанда білім беру орнына оқуға бармағаны, сабаққа қатыспағаны үшін 2024 жылғы 12 қарашада сотпен ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.

Сот қаулысымен азаматша С. ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, алайда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасы 30%-ға төмендетіліп, ол 41 286 теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...