Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды

Алматыда сирена қосылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азаматтардың ұялы телефондарына дабыл белгісі келді.

«Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіліп жатыр. Сабыр сақтап, белсенді қатысуға шақырамыз!» — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 30 сәуірде сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізілетіні хабарланды. 28 сәуірден бастап радиоарналарда жаттығу туралы ақпарат пен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар беріле бастады.

«Жаттығуға дейін дабыл шабаданын дайындап, электр желілері мен ғимараттардан алыс қауіпсіз орынды анықтап алыңыз. Алматыда 384 халықты қабылдау пункті жұмыс істейді. Қабылдау пункттері туралы толық ақпаратты 2ГИС картасынан немесе Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және әкімдіктің ресми сайттарынан табуға болады. Азаматтарды сабыр сақтауға және сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз», — деді бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.