Қызылорда қалалық пробация есебіндегі сотталған азамат ұсталды

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылып, пробациялық бақылауға алынған болатын.

Алайда сотталған азамат 2024 жылдың қараша айынан бастап пробация қызметінің бақылауынан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамай, белгісіз бағытта жасырынып жүрген. Іздестіру шараларының нәтижесінде аталған азамат ұсталып, қазіргі таңда оның пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы іс құжаттары сотқа жолданды.

Жыл басынан бері Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың арасынан жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған және сот жүктеген міндеттерді орындамаған 12 сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертіліп, олар жазаларын өтеу үшін Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне жіберілді.

Бүгінгі таңда тағы 17 сотталғанға қатысты пробация талаптарын бұзғаны үшін іс материалдары сот өндірісінде қаралуда.

Қызылорда қалалық пробация қызметі тарапынан сотталған азаматтардың қайта қылмысқа бармауын алдын алу, пробация талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз ету және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу ісі жалғасуда.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...