Ресей Жеңістің 80 жылдығына орай атысты уақытша тоқтататынын мәлімдеді

Ресей Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері уақытша атыс тоқтайтынын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Ресей тарапы 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін барлық ұрыс қимылын тоқтатады.

«Осы кезеңде барлық ұрыс қимылы тоқтатылады. Ресей украиналық тарап осы үлгіні ұстануы керек деп санайды», — деп жазылған хабарламада.

Украина тарапы бітімгершілікті бұзған жағдайда Ресей Федерациясының Қарулы Күштері тиісті жауап беретіні айтылған.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.