Қытайға жер берілетіні қаншалық рас?

Әлеуметтік желілерде Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауқымды жерді Қытайға беруді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарап жүр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама авторының айтуынша, бұл мәселе бойынша келіссөздер 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді, ал жалпы жердің ауданы 1,7 миллион гектарға жетеді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратқа пікір білдірді.

«Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді Қытайға беріп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл — фейк. БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз», – деп жазылған ҚР СІМ ресми хабарламасында.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.