Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Қарағанды ​​облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

«Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтарды бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс конференцияда комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ, алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін!» — деп жазды ол.

Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол — екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Азияның да екі дүркін чемпионы (2007, 2009).

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.