12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Негізсіз баю сомасын өндіріп алу

Онлайн алаяқтардың белең алуы қылмыс түрлерін көбейтті. Осыған орай, сот тәжірибесінен айтсақ, Түрксіб аудандық сотында негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы алаяқтық  іс қаралды. Өткен жылы интернет-ресурс арқылы үшінші тұлғалар талап қоюшыны алдау  және сенімін теріс пайдалану жолымен телефонына күмәнді бағдарлама орнатуға ықпал етеді. Сол арқылы оған банктен  10 000 000 теңге несие ресімдетіп, ол соманың 2 552 000 теңгесін жауапкердің банктік шотына аудартады. 

Талап қоюшы арызының негізінде алаяқтық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа жүгінуші жауапкердің ақшалай қаражатты заңсыз иемденгенін, сондықтан, талап арызды қанағаттандыруды және сот шығындарын өндіруді сұрады. Сот отырысында талап қоюшының өкілі талап арызды қолдады. Ал жауапкер мен оның өкілі талап арызда көрсетілгендерді мойындамай, өзінің банктік шотын танысына уақытша пайдалануға бергенін түсіндірді. 

Ақша қаражаты түскеннен кейін жауапкер оның бір бөлігін  танысының айтуымен  үшінші тұлғаның банктік шотына аударған,  яғни, ақшаны өзі пайдаланбаған. Осы себепті, заңсыз баю фактісі жоқтығын алға тартып талап арызды қанағаттандырмауды сұрады. Сот отырысында үшінші тұлға өзінің жауапкердің танысы екенін, оның банктік шотын уақытша пайдалануға алғанын растады. Ол крипто валютамен айналысатынын, өзінің банктік шоттары бұғатталып, ақша аударуға шектеу қойылғандықтан, басқа адамдардың банктік шоттарын пайдаланатынын жоққа шығармады. 

ҚР Азаматтық кодексі 953-бабының талабына сәйкес, заңнамада немесе мәміледе белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа адамның (жәбірленушінің) есебінен сатып алған немесе сақтаған (негізсіз байытылған) адам (сатып алушы), 960-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, негізсіз сатып алынған немесе жинақталған мүлікті соңғысына қайтаруға міндетті. Осы тараудың ережелері негізсіз байыту мүлікті сатып алушының, жәбірленушінің өзі немесе үшінші тұлғалардың мінез-құлқының нәтижесі не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады. Бұдан әрі нақтыласақ, сот отырысында іс материалдарымен талап қоюшының 2024 жылғы 21 тамызда жауапкердің банктік шотына 1 052 000 теңге, 22 тамызда  1 500 000 теңге аударғаны дәлелін тапты. Заң талабына сәйкес, сот шешімі тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделеді. Сотта жауапкердің банктік шотын  үшінші тұлғаға уақытша пайдалануға бергені, ақша қаражатының аударылғаны, талап қоюшының крипто биржасында крипто валютасын сатып алмағаны, яғни, жасалған мәмілеге қатыспағаны анықталды. Жауапкер өзiнiң банктiк шотын үшiншi тұлғаға ерiктi түрде берген, талапкер мен жауапкер арасында шарттық қатынастар болмаған. Тараптардың пікірі тыңдалып, іс материалдары зерделенді,  нақты фактілердің негізінде талап арыз қанағаттандырылды.

Мира Иембердиева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

   

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...

Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің негізі

1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл...

Неке бұзудан отбасылық даулар туындайды

Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік...

Ата Заң — мемлекеттің негізгі және тұрақтылықтың кепілі

Еліміздің Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея....