Алматы волонтерлері ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Шара барысында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсетіп, ардагерлерге деген шексіз құрмет пен ризашылықтарын білдірді.

Волонтерлер ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар жеткізді, үй жұмыстарында көмектесті. Бұл акция аға буынға деген қамқорлықты ғана емес, жастар мен ардагерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын тереңдете түсті.

«Біз ардагерлерге жай ғана көмек көрсетіп жатқан жоқпыз. Бұл – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет. Олардың әрбір айтқан естелігі біз үшін – бізге мұра. Біз бұл арқылы нағыз Отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін бойымызға сіңіреміз», – деп атап өтті волонтер Шәмші Құдайберген.

Волонтерлердің айтуынша бұндай шаралар тек бір реттік акция емес. Бұл – алматылық жастардың жүйелі түрде жалғастырып келе жатқан бастамасы. Алматы волонтерлері мұндай қайырымдылық шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді. Мысалы, қыс мезгілінде олар ардагерлер мен зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға көмектеседі, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне ыстық шай тарату сынды игі істермен айналысады. Бұл – жастардың белсенді азаматтық ұстанымының, бірлік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.

Айта кетейік, Алматы қаласы волонтерлер фронт-кеңсесінің жұмысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асыралады.

Состязание IT- и инженерных разработок 

ВОЕННО-ИНЖЕНЕРНЫЙ ЧЕМПИОНАТ SHAIQAS 2026, СОБРАВШИЙ РАЗРАБОТЧИКОВ, ИНЖЕНЕРОВ, ВОЕННОСЛУЖАЩИХ И...

Значимость наследия Улуса Джучи

НА РАСШИРЕННОМ ЗАСЕДАНИИ НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК КАЗАХСТАНА НА ТЕМУ...

Права ребенка как безусловная ценность 

ПО ДАННЫМ КОМИТЕТА ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ...

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «PetroRetail»...

Научно-образовательный проект

В сфере высшего образования и науки расширяется сотрудничество между...