Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері мамандықтарды тегін меңгеруде

Алматы қаласында «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған кәсіптік оқыту курстары өткізіліп жатыр. Жоба жастарды өмірге бейімдеуді және олардың болашақ мамандығын таңдауда бағыт беруді мақсат етеді.

Қатысушылар өздерінің қызығушылықтарына қарай түрлі бағыттағы курстарға қатыса алады. Қазіргі уақытта бариста, аспаз және шаштараз сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жүргізілуде. Әр бағыт бойынша тәжірибелі мамандар шеберлік сабақтарын өткізіп, балаларды кәсіпке баулиды.

Жобаның координаторы Газез Әсем бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:
«Біздің мақсатымыз – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тек білім беру ғана емес, оларды өмірге қажетті дағдылармен қаруландыру. Кәсіби бағыт беру арқылы біз олардың болашағына сенімді қадам жасауына көмектескіміз келеді», – дейді ол.

Жоба аясында алғашқы топ оқу курсын аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды. Бұл құжаттар олар үшін еңбек нарығында алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы жыл бойы жалғасады және алдағы уақытта тағы бірнеше жаңа топ ашу жоспарланып отыр. Жоба қатысушылары үшін бұл — өз мүмкіндіктерін ашуға, қызығушылықтарын кәсіпке айналдыруға берілген үлкен мүмкіндік.

Әкімшілік соттың құрылғанына 5 жыл

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  енгізілуіне және мамандандырылған әкімшілік...

ЧЕМПИОНДАРҒА – УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде...

Вакцинация және ЖРВИ-дің алдын алу: күзгі-қысқы маусымда денсаулықты қалай қорғауға болады?

Күн суытқан сайын тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың...

Вакцинация и профилактика ОРВИ: как защитить здоровье в осенне-зимний период

С наступлением холодов возрастает риск распространения гриппа и острых...