Қасым-Жомарт Тоқаев букмекерлерге қатысты заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі мәселелері және артық заңнамалық реттеуді алып тастау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Заңға енгізілген түзетулер екі негізгі бағытты қамтиды.

Бірінші бағыт — денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелерді шешуге арналған. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатындағы скринингтер шеңберінде амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлеміне енгізілді. Бұл зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шығарылды. Сондай-ақ, мүгедектігі жоқ азаматтарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Екінші бағыт — букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына қатысты. Енді мұндай жарнаманы ұялы байланыс абоненттерінің құрылғыларына таратуға, сондай-ақ онлайн-платформаларда орналастыруға тыйым салынды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі қысқарылды – енді мұндай жарнама тек спорттық бағыттағы БАҚ арқылы ғана берілуі мүмкін. Сонымен қатар, бас бостандығын шектеу жазасына немесе шартты түрде сотталған тұлғаларға құмар ойындарға және (немесе) бәстерге қатысуға тыйым салынды.

Заң мәтіні ресми басылымда жарияланады.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.