12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құмар ойынға қатысқандар қызметтен кетеді: мемлекеттік қызметкерлер үшін не өзгерді?

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшысының орынбасары Бекен Нұрахметов құмар ойынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлерді не күтетінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бекен Нұрахметовтің пікірінше, қазір «лудомания» дерті еліміз бойынша кеңінен таралып бара жатқан әлеуметтік-психологиялық проблемалардың біріне айналған.

«Статистикалық деректер бойынша елімізде бұл дертке шалдығушылардың есебінде тіркелген адамдардың саны 350 мыңнан асып отыр. Ал енді тіркелмегендер туралы айтар болсақ, бұл көрсеткіш бұдан да асып кетері сөзсіз. Егер де бұл цифрды елдегі халықтың жалпы санына бөлетін болсақ, ел тұрғындарының екі пайызға жуығы лудомания дертіне шалдыққанын көрсетеді. Ал енді бұл көрсеткіш көршілес Ресей елінде 12 пайыз болып отыр. Соның нәтижесінде қаншама адамның тағдыры тәлкекке түсіп, қаншама шаңырақ шайқалып жатыр. Тіпті бар жиған-тергенін құмар ойындарға тігу арқылы бүкіл материалдық игіліктерінен айырылғандар да аз емес. Оның арты суицидке апарып соқтырған жағдайлар да жетерлік. Себебі бар жиған-тергенінен айырылып, қарызға белшеден батқан адам көбіне психологиялық күйзеліске түсу арқылы өз әрекетіне есеп бере алмайтын дағдарыста болатыны белгілі», — деді ол.

Ол бұл мәселеге дер кезінде тегеурінді тосқауыл қойылмаса, дертке шалдығушылар саны күннен күнге көбейе түсетінін жеткізді.

«Өкінішке қарай, «лудомания» дертіне шалдыққандар бұл жағдайды ауру ретінде мойындамай, әдет ретінде қабылдайды. Ал оның ауру екені медициналық тұрғыда дәлелденген. Сондықтан да бұл проблемаға қарсы тегеурінді күрес жүргізу бұқаралық сипатқа ие болуы қажеттігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Себебі бүгінгідей ақпараттық технологиялар дамып, интернет желісінде теріс пиғылдағы қызықтырушы әрекеттер өрістеп бара жатқан заманда студенттер мен мектеп оқушыларының қолындағы смартфондарды және ақша аударымдарының түбіртегін (выписка) қалай пайдаланып жүргенін ата-ана ретінде қадағалап қойған артық етпейді. Өйткені құмар ойынға қатысушылардың көбі — жастар. Оның ішінде мектеп оқушылары да бар», — деді Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшысының орынбасары.

Бүгінде 2026 жылы лудомания дертіне шалдыққандардың санын екі есеге қысқарту мақсатында мемлекет есебінен тегін медициналық және психологиялық көмек көрсету орталықтары ашылған, осылайша тиісті профилактикалық шаралар қолға алынып жатыр.

«Егерде балаларыңыздың немесе туған-туыстарыңыздың бойынан құмар ойындарға қызығушылықты байқаған жағдайда бұл орталықтарға дер уақытында апарып, аурудың алдын алған абзал. Себебі мұндай емдеу-сауықтыру орталықтарының бар екенін білмей жүргендер аз емес», — дейді сарапшы.

Бекен Нұрахметов құмар ойын торына түскен мемлекеттік қызметкерлер турасында да пікір білдірді.

«Лудоманияға, яғни құмар ойындарға қатысуға байланысты мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын қатаң шектеулер жөнінде ерекше тоқтала кетуді жөн көрдік. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес құзыреттен тыс жерлерде немесе телекоммуникациялық желілер, соның ішінде интернет желісі арқылы өткізілетін құмар ойындарға немесе бәстесулерге қатысу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер талабына жатады. Сонымен қатар, осы заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу мемлекеттік қызметтен босатылуға (шығарылуға) негіз cаналады.

Сондықтан да мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар бұл шектеулерді назардан тыс қалдырмай, өздері ғана емес, туған-туыстары мен отбасы мүшелерін де сақтандырып жүргені абзал. Бұған мысал ретінде Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде жасалып жатқан іс-шараларды айтып өтуге болады. Кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының арасында құмар ойындарға қатысудың зардаптары мен шектеулері жөнінде сабақтар өткізіліп, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылды. Сонымен қатар, тиісті орындарға сұрау салу арқылы тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде құмар ойындарға қатысқан лауазымды тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылумен қатар, жұмыстан шығарылды. Бұған қоса әр қызметкер жазбаша түрде және eGov mobile мобильді қосымшасына өтініш беру арқылы шектеулермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне де өзін-өзі шектеуді ерікті түрде қабылдауды ұсыну тапсырылды. Қазір осындай шаралар өзінің тиісті нәтижесін беріп жатыр», — деді ол.

Елімізде қанша босқын тұрады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, республика аумағында заңды түрде пана алған барлық шетелдік Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА ХХХІV сессиясындағы сөзі

Акорда сайты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ХХХІV Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында жасаған толық сөзін жариялады.

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи Отанына оралды?

2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Қазақстанда бензин бағасы төмендемейді — энергетика министрі

Әлемдік нарықта мұнай арзандап жатқанына қарамастан Қазақстанда жанармай бағасы төмендемейді.