Елімізде алдағы күндері үсік жүреді

Синоптиктер 24, 25 және 26 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда 1-3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.

«Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – тұман болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Температура жайлы

  • 24 сәуірге қараған түні Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік күтіледі;
  • 24–25 сәуір аралығында Павлодар облысында салқындау болады;
  • 25 сәуірде Қарағанды облысында да күн суытады;
  • 25–26 сәуірге қараған түнде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 1-6 градусқа дейін үсік болады деп болжануда.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет сәуір айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын. Сәуір айында Қазақстанда күн жылынса да, жауын-шашын мен температура ауытқулары күтіледі. Айдың алғашқы онкүндігінде жаңбыр, солтүстікте – қар, көктайғақ және секундына 20 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін. Ай ортасында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, ал ай соңында – жаңбыр жауады. Температура түнде -5 градустан күндіз +32 градусқа дейін құбылады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.