Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: министрлік мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство Түркия билігінің ақпараты бойынша 23 сәуірде Ыстамбұл маңында магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болып, артынан афтершоктар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Қазір Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп, ахуалдың дамуын қадағалап отыр. Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген. Отандастарымызды сабырлық танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ, жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланды. Алдымен Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелген. Одан кейін магнитудасы 6,2 болатын екінші зілзала тіркелді. Жер сілкінісі шамамен 10 секунд бойы сезілген. Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Кейінірек Түркия билігі халықты жойқын жер сілкінісіне дайын болуға шақырды.

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.