Ұлттық кітап күні: Қазақстанда қанша кітапхана бар?

Бүгін, 23 сәуірде Қазақстанда алғаш рет маңызды мәдени мереке — Ұлттық кітап күні ресми түрде атап өтіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берді. Соған сәйкес биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

Ал Үкіметтің жаңа мереке енгізу туралы қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енді.

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3920 жалпыға қолжетімді кітапхана жұмыс істейді. Олар 2024 жылы ең көп адам барған мәдени орындар болған.

Бір жыл ішінде кітапханаларға 55,4 миллионнан аса адам барған, бұл кинотеатрларға бару көлемінен екі жарым есе дерлік көп (23,3 миллион).

Еліміздің кітап көп оқитын өңірі — Алматы қаласы, Алматының кітапханаларында 5,5 миллионнан аса адам тіркелген. Сондай-ақ, үздіктер құрамына Солтүстік Қазақстан облысы (4,5 миллион), Түркістан (4 миллион) және Ақмола (3,7 миллион) кірді.

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.