spot_img
spot_img

Мамырдан бастап мобилдік бригадалар жұмысы өзгереді

Денсаулық сақтау министрлігі мамырдан бастап мобилдік бригадалар жұмысы өзгеретінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел жәрдем ұзақ келетіні туралы шағымдарға байланысты және шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанындағы, жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізді. Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер 1 мамырдан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

«Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық көмекті қажет ететін жағдайларға қатысты», — деп жазылған хабарламада.

Не өзгереді?

1 мамырдан бастап мынадай өзгеріс болады:

  • емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында, яғни 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталады;
  • 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуға, соның ішінде 4-санатқа бұрынғыдай жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Статистика жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жататынын және созылмалы ауру өршуіне байланысты екенін көрсеткен.

«Жедел жәрдемді шақырту механизмі өзгеріссіз қалады, 103 нөмірін теру арқылы азаматтар тәуліктің кез келген уақытында шұғыл медициналық көмекке қоңырау шала алады. Науқастың өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайларда жедел жәрдем бригадасы аптаның күні мен тәулік уақытына қарамастан келеді. МСАК мобилдік бригадасының шақыртуға келу уақыты 60 минутқа дейін, барынша шұғыл санат үшін мынадай нормативтер: 10 минут бірінші, 15 минут екінші; 30 минут үшінші санаттағы шақыртулар үшін көзделген», — деп жазылған хабарламада.

Перизат Қайрат ісі бойынша сот үкімі шықты

2025 жылғы 25 шілдеде Астанада судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратқа қатысты үкім шығарды.

СОТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ТҰРМЫСТЫҚ АХУАЛЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Судьялардың кəсіби қызметі – бұл қоғамдағы заңдылық пен тəртіпті сақтаудың, əділдікті қамтамасыз етудің маңызды құралы. Олардың жұмысының сапасы мен тиімділігі құқықтық жүйенің негізін қалаушы элемент. Алайда, соңғы жылдары судьялардың əлеуметтік жағдайлары мен кəсіби қызметтеріне қатысты мəселелер назардан тыс қалуда. Бұл өз кезегінде судьялардың кейбір əлеуметтік жағдайының төмендеуіне алып келеді.

Кто стоял за выселением сирот?

ПОПЫТКИ ПЕРЕСЕЛЕНИЯ ВОСПИТАННИКОВ ДЕТСКОГО ДОМА «БАГАНАШЫЛ» ИЗ АЛМАТЫ В ГОРОД КОНАЕВ ОБЕРНУЛИСЬ ШИРОКИМ РЕЗОНАНСОМ И ЛИЧНЫМ ВМЕШАТЕЛЬСТВОМ РУКОВОДСТВА СТРАНЫ. ПОСЛЕ ПОЯВЛЕНИЯ В СМИ И СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ ЭМОЦИОНАЛЬНЫХ ВИДЕО С ПЛАЧУЩИМИ ДЕТЬМИ И ВЫЗОВОМ ПОЛИЦИИ И СКОРОЙ ПОМОЩИ ПРЕЗИДЕНТ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ДАЛ ЧЕТКОЕ УКАЗАНИЕ НЕМЕДЛЕННО ПРЕКРАТИТЬ ПЕРЕСЕЛЕНИЕ.

2025 жылы барлық талапкерге білім беру гранттары жете ме? 

2025 жылы барлық талапкерге білім беру гранттары жете ме? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берілді.

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден босап шықты

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шықты.