Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газдан уланып көз жұмды

Жамбыл облысындағы ауылда үйде газдан уланған үш бірдей қыз бала – 3, 5 және 7 жастағы әпкелі-сіңлілер қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жазылғандай, қайғылы оқиға 19 сәуір күні кешке Сарымолдаев ауылында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең анасы балаларын үйде қалдырып, шаруаларымен кеткен. Үйге қайтып келгенде газдың өткір иісін сезген. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады – балалар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды», – делінген Instagram желісінде тараған хабарламада.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жайтты растады.

«Меркі ауданындағы тұрғын үйде табиғи газдан улану салдарынан үш баланың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Өткен жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов әкімдіктердің үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жеткіліксіз екенін сынға алған болатын. Сол кезде Үкімет отырысында ол газ-техникалық инспекцияны жұмылдырып, әлеуметтік осал топтардың үйлерін есепке алып, барлық үйге тегін иіс газын анықтайтын құрылғы орнатуды тапсырған еді.

Бір ай бұрын осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысында болған еді. Жеке үйде бір отбасы – жеті адам газдан уланып көз жұмды, оның бесеуі – балалар.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.