Шымкентте бала қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметтен босатылды

Шымкентте алты жасар бала шұңқырдағы суға құлап қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тарапынан бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға биылғы 12 сәуірде Қаратау ауданының Тұран шағынауданында болған. №10 көшеде бала су жиналып қалған шұңқырға құлап кетіп, көз жұмған.

Қайғылы жағдайға байланысты Шымкент әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым саласына жетекшілік ететін орынбасарына сөгіс жарияланды. Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді. Қаратау ауданының әкімі Рахманбек Мүлкеманов қызметінен босатылды.

«Мүлкемановтың қызметтен босатылуына бұған дейін анықталған жұмысындағы олқылықтар мен осы қайғылы оқиға негіз болды. Бұл жағдай кадрлық шешім қабылдауға соңғы себеп болды», – делінген Шымкент әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар Шымкент әкімдігі мәліметінше, абаттандыру және күтіп-ұстауға жауапты мердігер ұйымдардың басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң іс материалдары сотқа жолданады.

Әкімдік әрбір кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

«Кінә мен жаза көлемін сот анықтайды», – деді Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.