Алматыда түнде құрылыс материалдары дүкені өртенді

16 сәуірде түнде Алматының Алатау ауданында Солтүстік айналма тасжолында орналасқан құрылыс материалдары дүкені өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, келген бойда ашық жалын сауда орын-жайларының едәуір алаңын алғандықтан өрт сөндіру басшысы өрттің рангін көтерді.

«Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ете отырып және көрші құрылыстарды қорғау үшін оқпандарды беріп, жауынгерлер жақын арада өрттің іргелес қоймаларға таралуына жол бермей, өртті оқшаулап, кейін оны сөндірді», — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.