12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Спорт – ұжымдық рух пен ұлттық болмыстың айнасы

Бүгінгі таңда елдің болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі — азаматтардың салауатты өмір салтына бет бұруы, спорт пен дене шынықтыруды күнделікті дағдыға айналдыруы. Бұл бағытта білім беру мекемелері ерекше рөл атқарады. Соның ішінде жоғары оқу орындары тек білім беретін орталық қана емес, сонымен бірге дене шынықтыру мен ұжымдық спорт мәдениетін дамытатын маңызды алаңға айналуы тиіс. Осы орайда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүрге айналған «Спартакиада – 2025» спорттық шарасының III кезеңі — ұжымдық спорт рухын ұлықтап, белсенді өмір салтын дәріптеген игі бастама болды.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында өткен спорттық жарыс жыл сайынғы дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналып келеді. Бұл жолғы кезең де өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, қатысушылардың спортқа деген қызығушылығы мен ынтасын тағы бір мәрте көрсетті. Шараның ашылу салтанатына университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов қатысып, жарысқа қатысушы әріптестерге сәттілік тілеп, бұл спартакиаданың ұжымдық бірлік пен сергек болмысты қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.

«Спорт – бұл тек жарыс емес, бұл тәрбие, ұжымдық рух, ынтымақ пен мақсатқа жету жолындағы жүйелі еңбек. Университет ұжымы арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту – еңбек өнімділігін арттырып, кәсіби мотивацияны күшейтеді. Бұл – біздің стратегиялық дамуымыздың маңызды бөлігі», – деді проректор өз сөзінде.

«Спартакиада – 2025» аясында профессор-оқытушылар мен қызметкерлер бірнеше спорт түрінен өзара сайысқа түсті. Жарыс бағдарламасына төмендегі спорт түрлері енгізілген:

— Волейбол 

— Үстел теннисі 

— Шахмат 

— Жеңіл атлетика (эстафета) 

— Арқан тарту және басқа да бұқаралық спорт ойындары.

Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан, бәрі де ерекше ынта-жігер танытып, белсенділік көрсетті. Мұндай шаралар ұжым ішіндегі бірлікті күшейтіп, бейформалды қарым-қатынастың дамуына, сергектік пен денсаулыққа деген ұжымдық көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамыту «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы негізінде жүзеге асырылады. Аталған заңда спорттың барлық деңгейлерін, оның ішінде бұқаралық спортты, еңбек ұжымдары арасындағы спортты дамыту мәселелері айқын көрсетілген. Мемлекет тек кәсіби спортты ғана емес, әлеуметтік маңызы бар бұқаралық спортты, оның ішінде білім саласындағы қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды қолдайды.

«Спартакиада – 2025» сияқты ішкі корпоративтік жарыстар осы заңнамалық бағыттың нақты іске асқан мысалы болып табылады. Мұндай бастамалар денсаулықты нығайтып қана қоймай, еңбекке ынтаны арттырып, жұмыс өнімділігін жақсартады, ал бұл өз кезегінде білім беру сапасына оң әсер етеді.

Абай университетіндегі бұл спорттық іс-шара университеттің көпжылдық дәстүріне айналып отыр. Ол тек жарыс алаңы ғана емес, сонымен бірге ұлттық болмысты ұлықтайтын, ұжымдық татулықты бекемдейтін, жаңа достық пен рухани қарым-қатынас орнататын алаң.

Сондай-ақ, жастарға үлгі боларлық бұл бастама оқытушылардың спортқа, қозғалысқа, дене белсенділігіне деген оң көзқарасын қалыптастыруымен де маңызды. Себебі жастар ұстаздың өмірлік ұстанымын да бойына сіңіреді. Ұстаздың өзі салауатты өмір салтын ұстанса – студент те сол жолмен жүруге бейімделеді. Бұл – тәрбиенің табиғи жолы. Мұндай шаралар қоғамдағы салауатты өмір салтын, денсаулық мәдениетін нығайтып қана қоймай, бүкіл білім беру жүйесінің сапасына да оң ықпал етеді. Бұл – педагогтардың бірлігі мен күш-жігерінің көрінісі, болашақ ұрпаққа жол сілтер жарқын үлгі.

Әсіресе жастарды спортқа баулудың маңызы зор! Спортпен достасқан жастардың денсаулығы мығым, болашағы зор болады. Сондықтан оқу орындары арасында ұйымдастырылған мұндай шаралардың халық үшін маңызы зор! Жалпы елімізде бұқаралық спортты дамыту жайын Президентіміз де бірнеше рет атап өткен болатын. Бұқаралық спортты, ел ішіндегі тегін үйірмелер санын арттырсақ, халықтың жанкүйерлік рухын да арттыруға қосқан үлесіміз болар еді. Өйткені көп жағдайда жанкүйерлік рух, спорттағы жанкешті еңбек те халық арасын біріктіріп жатады.

Спорт – тәрбие. Спорт – мәдениет. Спорт – заң мен тәртіпке бейімделудің жарқын көрінісі. Ал дені сау ұжым – дені сау ұлттың негізі.

Ақбота Ерболқызы

№75 мекемесінің жеке құрамы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильмді тамашалады

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №75 мекемесінің жеке...

На принципах равенства

СЕМЕЙНЫЕ КОНФЛИКТЫ ПРОИСХОДЯТ МЕЖДУ ЧЛЕНАМИ СЕМЬИ. ОНИ ВОЗНИКАЮТ, КОГДА...

Пранк – это не шутка! 

Депутат Мажилиса Нартай Сарсенгалиев, обращаясь с запросом к министру...

Донести важные истины

В г. Шымкенте активизировалось межведомственное сотрудничество по работе, направленной...

Удобный цифровой сервис

Внедрение системы E-апостиль в Казахстане стало новым и важным...