Тәжікстандағы жер сілкінісі: бір бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

Тәжікстанның шығысындағы жер сілкінісі салдарынан үш жасар бала қаза тапты, 30 үй, соның ішінде бір мектеп қирады. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің Дағдарыс кезіндегі басқару орталығы өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik Тәжікстан басылымына сілтеме жасап. 

«Тәжікстанның шығысындағы Рашт ауданындағы жер сілкінісі салдарынан үш жасар бала қаза тапты, оны үйдің қабырғасы басып қалған», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 13 сәуірде Тәжікстанның шығысында үш жер сілкінісі болды. Тәжік сейсмологтарының мәліметтері бойынша біріншісі жергілікті уақыт бойынша 09:24-те, екіншісі 12:14-те, үшіншісі 13:33-те болған. 

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметтері бойынша бірінші жер сілкінісінің магнитудасы 5.9, екіншісінікі 4.2, үшіншісінікі 4.7 болды.

Барлық жер асты дүмпуі Душанбенің солтүстік-шығысындағы Рашт ауданы аумағында, Тәжікстан астанасына дейін 158-ден 163 шақырымға дейінгі қашықта тіркелген.

Тәжікстандағы жер сілкінісі Астанада, Таразда, Кентауда, Түркістанда және оңтүстік Қазақстанның 20-дан аса басқа елді мекенінде, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда сезілген.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.