Бүгін бірнеше өңірде қатты жаңбыр жауады

Қазгидромет бүгін бірнеше өңірде жаңбыр жауып, күн бұзылатынын ескертті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлтты болады, түнде және таңертең жауын-шашын жауады, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлтты болады, таңертең қатты жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.

Қарағанды облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. 

Ұлытау облысында түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. 

14 сәуірде таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 24-29 м/с болады. 

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. 

Күндіз Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік жүреді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с болады. 

Павлодар облысында найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. 

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.