Бишімбаев алимент төлеуден бас тартты ма? Адвокаты мәлімдеме жасады

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Назым Қаһарманның Бишімбаевтар отбасы балаларға алимент төлеуден толық бас тартты деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Қуандық Бишімбаев алимент төлеуден бас тартпады, өйткені бұл — әрбір ата-ананың міндеті», — деді адвокат.

Ол заң бойынша Бишімбаев бұрын қол қойылған алимент төлеу туралы келісімді өзгертуге құқылы екенін нақтылады.

«Ол тек алимент бойынша келісімді бұзуды немесе оның шарттарын өзгертуді көздеп отыр, себебі оның бұрынғыдай табыс көзі жоқ. Заңда бұл жағдай материалдық жағдай өзгерген кезде көзделген. Қуандық Бишімбаев бас бостандығынан айыру орындарында болуына байланысты оның табыс мөлшері айтарлықтай өзгерді», — деп түсіндірді Ерлан Ғазымжанов.

Сондай-ақ, адвокат Бишімбаевтың ата-анасы өз еркімен біраз уақыт бойы келісімде көрсетілген сомаға сәйкес балаларға алимент төлеп келгенін растады.

«Бірақ Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың қарт ата-анасына қарсы бірнеше рет дөрекі сөз айтып, олардың балалармен қарым-қатынас жасауына кедергі келтірген соң, ата-анасы уақытша басқа мөлшерде көмектесуге шешім қабылдады. Олардың пікірінше, бұл сома балаларды асырауға жеткілікті. Бұл ұстаным алимент келісімін өзгерту немесе алиментті бұзу жөніндегі дау шешілгенге дейін жалғасады», – деді Бишімбаевтың адвокаты.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқаны хабарланды.

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.