Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үйлер салынбақ

Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Олжас Бектенов шаруалармен кездесуінде айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу басында сөз алған Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

«Президент қолдауының арқасында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі өзінің құндылығын ешқашан жоймайды. Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 млрд теңге табу оңай емес, алайда біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың бұл түрін одан әрі арттыра береміз. Қазіргі қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі де жоғары болып, біз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құра аламыз деген сенім бар», — деді премьер-министр.

«Бәйтерек» ҰБХ басшылығының айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Болашақта бұл тәжірибені бүкіл еліміз бойынша тарату жоспарланып отыр.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.