Алматыда жылу қашан ажыратылады?

Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда жылыту маусымы жыл сайын гидрометеорологиялық қызмет бес күн ішінде тіркеген орташа тәуліктік температура +8 градустан жоғары болғаннан кейін аяқталады.

Тұтынушыларды жылудан ажырату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • балалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер.

«Нақты күні БАҚ-та қосымша жарияланады», — деп толықтырды әкімдік өкілдері.

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.