spot_img
spot_img

Қазақстан Бразилияда өткен бокстан әлем кубогында үш алтын жеңді

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing-2025 бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Финалдық сессияға жолдама алған үш отандасымыз да жеңіске жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кубок иегерлері атанған қазақстандықтар:

Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін),
Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін),
Жазира Орақбаева (51 келіге дейін).
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы (8 ер, 3 әйел – барлығы 11 спортшы) үш алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

World Boxing-2025 турнирінің бұл кезеңі 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтті. Жарысты 2023 жылы құрылған жаңа халықаралық ұйым – World Boxing ұйымдастырды. Бұл федерация бокстың олимпиадалық мәртебесін сақтау мақсатында құрылған болатын және ол 2024 жылы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде мойындауын тоқтатқан Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) балама ретінде құрылды.

Бразилиядағы бұл турнир – Қазақстан құрамасының World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы халықаралық бәсекесі болды.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.