Қазақстанда жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

Қазақстанда кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтілді. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатаң шаралар жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан немесе одан да көп арттыруға қатысты, ол үшін енді 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып жатыр.

«Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген, ал егер бұл әрекеттер жол апатына әкеп соқса, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделген. Енді қарсы жолаққа шығу жол апатына әкеп соқса, бұл үшін жүргізушілер 9 айға жүргізуші құқығынан айырылады», — деді Сұлтанбаев.

Сонымен қатар, 13 наурыздан бастап көлік қозғалысы кезінде түсіргені үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл жауапкершілік жолаушыға да, жүргізушіге де бірдей болады.

«Жедел және арнаулы қызметтердің (598-бап) қозғалысына артықшылық бермегені үшін де жауапкершілік күшейтілді, айыппұл 7-ден 20 АЕК-ке дейін, ал қайталанған жағдайда 15-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылды», — деді Сұлтанбаев.

1 қаңтардан бастап интернет платформа иелері бақылайтын жеке тасымалдаушыларға қойылатын жаңа талаптар да күшіне енді.

Олар мына нәрселерге міндетті:

  • қызметін бастағаны туралы әкімдіктерге хабарлау;
  • күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі физикалық тексерістен өту;
  • көлікті күнделікті техникалық тексерістен өткізу;
  • еңбек және демалыс режимін сақтау.

Бақылау интернет платформалардың иелеріне (Яндекс, Индрайвер және басқаларына) жүктеледі.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.