12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

Астана полиция департаменті әйелін ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің егжей-тегжейлерін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі редакция сауалына берген жауабында, былтыр құқық қорғау органдары Қазақстанның елшілігіндегі бұрынғы кеңесшіге қатысты жұбайына жүйелі түрде қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

«Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдемелер жиналып, бекітілді», – делінген департамент хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша тергеу соты күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеудің басқа мәліметтері жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін «НеМолчи.kz» қорының парақшасында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін тұрақты түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат пайда болды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат шұғыл түрде елге шақырылатынын айтып жауап берді. Кейін зорлық-зомбылық туралы хабарлаған елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден қайтарылатыны белгілі болды. Бұл ретте оны әуежайда күйеуінің туыстары қарсы алғаны айтылды.

2024 жылғы 28 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша істі қарады. Сот шешімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,