Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездеседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездеседі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына барғаны хабарланды.

Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Самарқандта Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.