12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде жаңа айыппұл күшіне енді

Қазақстанда тағы бір айыппұл күшіне енді. Сауда және интеграция министрлігі толығырақ түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне (ӘҚБтК) өзгерістер енгізу мақсатында ҚР Әділет министрлігі заң жобасын ұсынды. Осы өзгерістердің нәтижесінде 204-4 бапқа түзетулер енгізіліп, 2025 жылдың 13 наурызында күшіне енді.

«Негізгі жаңалық – бірінші рет заң бұзғаны үшін бұрын ескерту берілетін болса, енді бірден айыппұл салынады. Бұл өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады», — делінген хабарламада.

Бұрын, бірінші рет заң бұзушылық жасаған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл тек 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда ғана қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшері келесідей болады:

  • Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Орташа бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);
  • Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).

Егер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.

Бұл өзгерістердің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсу тәуекелдерін төмендету. Қазір сауда нүктелеріне бақылау күшейтіліп жатыр. Сонымен қатар, әр кәсіпкер ӘМАТ-қа белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесі сақтауы тиіс.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар индексі өткен аптада 0,3 пайызға өсті. Жалпы, бағаның өсу динамикасы 2025 жылдың қаңтар және ақпан айымен салыстырғанда төмендеген.

«Өткен аптада нан, рожки, қарақұмыс, күнбағыс майы, кефир және тұз сияқты тауарлардың бағасы тұрақты болды. Сиыр еті, қырыққабат пен картоп бағасының аздаған өсімі байқалады. Жалпы көкөніс бағасының өсуі маусымаралық кезеңге, қойма мен көлік шығындарының, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты».

Новая глава стратегического партнерства

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В САММИТЕ «ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ – США» В ФОРМАТЕ С5+1 И ОБОЗНАЧИЛ НОВЫЙ ВЕКТОР СОТРУДНИЧЕСТВА МЕЖДУ КАЗАХСТАНОМ, СОЕДИНЕННЫМИ ШТАТАМИ И СТРАНАМИ РЕГИОНА.

Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін – сарапшылар

Жоғары кредит мөлшерлемесі құрылыс компанияларының шығындарын арттырып, бұл жүктемені ақыр соңында сатып алушылар көтеруі мүмкін. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы өсуі ықтимал.

Қазақстанда кім офиске келмей, қашықтан жұмыс істей алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне сәйкес қашықтан жұмыс істеу тәртібін түсіндірді.

Мектеп оқушысы қалай тамақтанғаны дұрыс

Мектеп жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтану – денсаулық пен табыстың маңызды кепілі екені белгілі. Өсіп-жетілу кезеңінде ағзаға жеткілікті және пайдалы қорек қажет.

Зейнетақы қалай есептеледі?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі негізінде жүзеге асырады. Кодекстің ережелеріне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін зейнет жасына жеткен азаматтар алады.