Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол YouTube арнасында айтты. Оның сөзінше, алимент үнемі кешіктіріліп төленген, ал алимент туралы келісімде қарастырылған кейбір шығын мүлдем берілмеген.

«Былтыр демалыс үшін ешқандай ақша төленбеді. Психологтың қызметтері үшін де ақы төленбеді, бірақ біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы Ғазымжанов мырзаға жібердім (Қуандық Бишімбаевтың адвокаты — еск.), бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектер төленбеді», — деді ол.

Ол 2020 жылы ажырасу кезінде алимент туралы келісім жасалғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев алдымен қаржылық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екеніне сендірген, бірақ кейін бұл туралы оның адвокатына үнемі еске салып отыруға тура келіпті.

«Наурызда алимент төленбеді. Азды-көпті жүйелі түрде төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастады», — деді Назым Қахарман.

Айта кетейік, Назым Қахарман мәлімдеме жасаған видео 28 наурызда түсірілген. Пікірлерден кейін экранда мынадай хабарлама пайда болады: «30 наурызда маған Бишімбаевтар отбасының адвокаты хабарласып, олар алимент төлеуден мүлдем бас тартатынын айтты».

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.